Михаил Подлужный Қазақстан қоржынына үшінші «алтын» әкелді

Михаил Подлужный велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші «алтынды» салды.

Спортшы жекелей жарыста 30 шақырым қашықтықты 38 минут 46,35 секундта бағындырып, үздік көрсеткіші көрсетті.

 

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды: командалық эстафетада 2 алтын және пара велоспорттан жекелей жарыста 2 қола медаль.