Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті
Салтанатты рәсім Нагоя қаласындағы Paloma Mizuho стадионында өтті. Жарысқа қатысушы мемлекеттер өкілдерінің дәстүрлі шеруі ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасының туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама спортшысы Сарвиноз Миркадирова ұстап шықты.
Жарыстардың бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізіліп, 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Азия ойындарына 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынайды.
Фото: Арлан Олжабай, Нұрғали Жұмағазы, Никита Басов
