Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде чемпион атанды
Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде Phygital Shooter CS2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды. Team KZ Dust2 картасында 13:1 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін лазертагта ресейлік Liga Pro Team командасы мықтырақ болды. Финалда қазақстандық киберспортшылар Nuke картасында 13:9 есебімен ресейлік LIGA PRO Team командасын жеңді. Осылайша Team KZ чемпиондық титулды жеңіп алды. Liga Pro Team екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Minsk House түйіндеді.

