Бибісара Асаубаева Тбилисиде өткен шахматтан Гран-приде күміс жүлдегер атанды

Бибісара Асаубаева Тбилисиде (Грузия) өткен шахматтан Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың көшбасшысы соңғы турда Вайшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, 5,5 ұпай жинады.

Отандасымыз бірінші айналымда Сарасадат Хадемальшариені (Испания), одан кейін 7-ші раундта Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған ойындардың бәрінде қарсыластарымен тең ойнады.