Демалыс күндердегі айтулы жаңалықтар

Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Нова-да-Гайя қаласында өткен үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстандық спортшы 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда аустралиялық Адитья Саринді 3-2 есебімен жеңді. Сондай-ақ қарағандылық үстел теннисінің шебері 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында да бақ сынаған. Бұл санатта ол ширек финалда жапониялық Реичи Есиямаға есе жіберді.

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ

Финляндияның Сейняйоки қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогінің 1-кезеңі аяқталды. Алина Дауранова Әлем Кубогі кезеңінде екінші рет чемпион атанды. Бұл жолы 500 метр қашықтыққа жүгіруден спортшымыз 40.27 секунд уақытымен мәреге бірінші болып келді. Сондай-ақ Алтай Жәрдембекұлы 500 метр қашықтықта 37.70 уақытымен күміс жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары бұл жарыста 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола жүлдені жеңіп алды.

 «ҚАЙРАТ» АФК

Алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде сәтсіздікке ұшырады. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алдымен «Люксол» (Мальта) командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті. Артынша, польшалық «Хрудим» және португалиялық «Бенфикаға» 1:2 есебімен жол берді. Осылайша, Кака шәкірттері өз тобында төртінші орын алып, плей-оф кезеңіне берілетін жолдамадан қағылды.

БОКС

Испанияда (Аликанте) өткен бокстан Жастар арасындағы Әлем Чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 медаль (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) жеңіп алды. Элина Базарова (- 54 кг) мен Бахыт Сейдіш (- 66 кг) өз салмақтарында алтыннан алқа тақса, Нұрбек Мурсал (- 67 кг) мен  Даулет Тулемисов (- 75 кг) күміс жүлде иеленсе, Гульназ Бурибаева (- 48 кг), Асем Таңатар (- 63 кг) және Асель Тоқтасын (+ 81 кг) қола жүлдені қанағат тұтты. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

title