Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды
Елена Рыбакина бейресми «бесінші Grand Slam» атанып кеткен Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда беларусь Арина Соболенконы (әлемнің 2-ракеткасы) екі сетте жеңді.
Рыбакина - Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасын жеңген алғашқы теннисші. Елена жартылай финалда поляк Ига Швентекті 2 сетте (6:2, 6:2) жеңген болатын.
Рыбакина – WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық. Бүгіннен бастап Елена әлем рейтингінде 10-орыннан 7-орынға көтерілді.