Қазақстан дзюдодан аралас командалық сында әлем чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық жарысында алғаш рет жеңіске жетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Әлем біріншілігі Эквадорда өтті.
Спортшыларымыз үш алтын, үш күміс және төрт қола – барлығы 10 медаль жеңіп алды. Ұлдар командалық есепте бірінші, ал қыздар екінші орынға ие болды. Фатима Супығалиева жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы ретінде тарихқа енді.

