Өткен аптадағы Қазақстан спортшыларының жарқын жеңістері
Өткен апта ел спортшылары үшін сәтті аяқталды. Халықаралық додаларда бақ сынаған отандастарымыз ел қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамаларын алып, тарихи жүлделерді иеленді.
- Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Нора Джерута Олимпиада нормативін орындады, АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде қазақстандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынады.
- ELORDA CUP: 14 боксшымыз чемпион атанды. 12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды.
- Дзюдодан 18-19 мамыр күндері аралығында Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан дәстүрлі Grand Prix бәсекесінде Даяна Федосова -57 кг (J2 санатында) жеңімпаз атанды.
- Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Францияның Сен-Мор-де-Фоссе қаласында өткен Challenge Monal турнирінде қола жүлдегер атанды.
- Футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық сериясында «Қайрат» «Атырауды» жеңді. Екі кездесуде алматылықтар қарсыластарын 4:1 және 7:0 есебімен ұтты. «Қайрат» серияда 2:0 есебімен көш бастады. Келесі ойын 24 мамырда Атырауда өтеді.