Өткен аптаның айтулы жаңалықтары
Астанада алғаш рет Astana City Marathon өтті. Марафонның басты ерекшелігі – көп бола бермейтін 42,2 шақырым, скандинавиялық жүріс, экиден, 10 шақырымды қамтыды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, марафонға 2000-нан астам жүгіруші қатысып, 15-тен астам елден арнайы қатысушылар келді.
Академиялық есуден Азия чемпионаттында Қазақстан спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде иеленді.Мария Лебедева, Анастасия Кулинич, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Валентина Волкодавова, Екатерина Носкова, Тамара Первушкина, Мелани Жакупова, Мария Чернец W8+ финалында күміс жүлде жеңіп алды.
Абу-Дабиде (БАӘ) өткен дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары үш қола медаль иеленді. Атап айтқанда, ерлер арасында Дәурен Сүюкенов (60 кг), әйелдер бәсекесінде Әбиба Әбужақынова (48 кг) мен Назгүл Маратова (+78 кг) үздік үштіктен көрінді.
«Қайрат» футзал клубы 9 дүркін Қазақстан Суперкубогінің иегері. 11 қазанда «Қайрат» және «Семей» футзал клубтары Қазақстан Суперкубогының иегерін анықтады. Аталмыш ойын Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өтіп, тартысқа толы кездесуде алматылық ұжым 3:1 есебімен жеңіске жетті.
11-16 қазан аралығында Қызылорда қаласында велоспорттан жасөспірімдер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтуде. Жарысқа еліміздің 10 облысынан 12 команда қатысып, 120-ға жуық спортшы өз бақтарын сынауда.