Пара Азия ойындарындағы алғашқы жүлдегерлер

Ханчжоудағы пара азия ойындарының алғашқы жүлдесін ел қоржынына Жаңыл Балтабаева салды. Отандасымыз пара каноэдан VL3 200 жекелей бағдарламасында үшінші орын иеленді. Артынша, Бибарыс Спатай пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орынға тұрақтап, күміс медаль еншіледі. Тағы бір қазақстандық Максим Богатырев пара каноэден қола медаль жеңіп алды, оның нәтижесі 58.479 секунд.

title