ЕЛОРАДАДА ASTANA MEETING WORLD INDOOR TOUR ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

23-қаңтар күні Астана қаласында алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Бұндай деңгейдегі жарысты ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 15 мемлекеттен 100ге жуық спортшы қатысты. 

Турнирді ресми түрде ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы Президенті Даниал Ахметов ашты.

Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде отандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль иеленді. Әлемдік додада отандастарымыз Михаил Литвин, Надежда Дубавицкая және Ольга Сафронова ерекше өнерімін көзге түсіп, жергілікті көрермен қошеметіне ие болды.

Жарысты Qazaqstan спорт кешенінен 1000-ға жуық көрермен тамашалады, сондай-ақ ҚР Жеңіл атлетка Федерациясының YouTube арнасында және Qazsport телеарнасының ресми сайтынан тікелей эфирде көрсетілді.

Айта кетейік, 10-12 ақпан аралығында елімізде жеңіл атлетикадан тұңғыш рет жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Онда әлемнің 31 елінің спортшылары өзара мықтыны анықтайтын болады.  

title