Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия жастар чемпионаты өтті

Sport Qory қолдауымен Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Орталық Азия жастар чемпионаты өтті. Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 12-16 жас аралығындағы 100-ден астам мықты спортшылар қатысты. Ұлдар мен қыздар екі пән бойынша үздік атақтары үшін күресті: жылдамдық пен қиындық.

Төрт күннің қорытындысы бойынша "қиындық" санатында бірінші орынға ұлдар арасында Кәрім Кабельдинов және қыздар арасында Полина Андреева ие болды. "Жылдамдық" пәні бойынша құрмет тұғырына Жарас Жалғас пен Таисия Кечик көтерілді.

title