Динара Сәдуақасова рапидтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Динара Сәдуақасова рапидтен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
26-28 желтоқсан аралығында Алматыда рапидтен Әлем чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшы Динара Сәдуақасова күміс медальға ие болды. Ол финалдық тартыста қытайлық Тан Чжунъиге есе жіберді. Үшінші орынды үндістандық шахматшысы Савита Шри иеленді.
Жылдам шахматтан өзге қыздарымыз жүлде алмаса да тәуір ойын өрнегін көрсетті. Жансая Әбдімәлік 5-орынға тұрақтады. Алуа Нұрманова – 23, Әмина Қайырбекова – 26, Бибісара Асаубаева – 29, Зейнеп Сұлтанбек 31-орынға, ал Зарина Нұрғаиева 35-орынға тұрақтады.
Бүгін және ертең блицтен Әлем чемпионаты өтетін болады.