Тараз қаласында Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті
Күні кеше Тараз қаласында Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Төрт жылда бір рет өтетін салтанатты шараға 17 облыс пен үш республикалық маңызы бар қаланың спортшылары қатысты.
Спартакиада алауын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, әлем чемпионы атанған Асланбек Шымбергенов жағып, ал Оралбай Жақсымбетов адал бәсекелестікке ант берді.
Спартакиада бағдарламасындағы жарыстар осы жылдың ақпан айында басталып, 27 спорт түрінен мықтыларды анықтайды.
Таразда волейбол, дзюдо және су добынан жарыстар өтетін болады.
Қазіргі уақытта спартакиада аясында 12 спорт түрінен үздіктер анықталды. Олар: грек-рим, еркін және әйелдер күресі, үстел теннисі, велотрек, семсерлесу, гимнастика, гандбол (әйелдер), батут гимнастикасы, бокс (әйелдер), көркем гимнастика және баскетбол (ерлер).