Бибісара Асаубаева Serbian Chess Open-2022 турнирінде қола жүлдеге ие болды
Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахмат әлемін жаулап алуды жалғастыруда. 18 жастағы шахматшы Serbian Chess Open-2022 шеберлік турнирінде әйелдер арасында үшінші орын алды. Осылайша, әйелдер арасындағы гроссмейстер және халықаралық шебер отандастырды Астана күнімен құттықтады.