Қазақстан құрамасы Special Olympics Games-ке қатысады

17 маусым күні Берлинде Арнайы олимпиаданың Дүниежүзілік жазғы ойындары басталды. Ең ірі инклюзивті спорттық іс-шаралардың бірі алғаш рет Германияда өтіп жатыр. Жарысқа спорттың 26 спорт түрінен 190 елден 7000-ға жуық зияткерлік мүмкіндіктері шектеулігі спортшылар қатысады.


Sport Qory қолдауымен Special Olympics Games-те Қазақстан құрамасынан 53 спортшы ел намысын қорғайды. Спортты қолдау қоры команданы жарыстарға қатысуға дайындауға қаражат бөлді. Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының отандық спортшылары 13 пән бойынша жүлделі орындар үшін жарысады:

 

Роликті коньки

Боулинг
Жүзу
Волейбол
Баскетбол
Пауэрлифтинг
Дзюдо
Жеңіл атлетика

Үстел теннисі

Көркем гимнастика

Бочче
Бадминтон
Ат спорты