Қамқоршылық кеңестің жаңа төрағасы сайланды

20 мамыр күні Sport Qory Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, ҚР туризм және спорт вице-министрі Жарасбаев Серік Маратұлы Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері қайырымдылық көмек көрсетуге арналған спорттық жобалардың өтініштерін қарады.