Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Ұлттық құрама палуаны Ержет Жарлықасын алтын жүлдені иеленді.
Ержет финалда (63 кг) XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді (Жапония) ұтты. Белдесу 6-6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ атлеті басым болды.
Күндізгі сессияда Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея палуаны Чан Кимнің осал тұсын тапса, ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавидің жауырынын жерге тигізген. Оның алдында қазақ атлеті алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілін 6:4 есебімен тізе бүктірген болатын.
Бұл Ержеттің (23 жаста) ересектер арасындағы алғашқы жарысы әлі алғашқы халықаралық жарыстағы жүлдесі.