Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Отандық спортшылар финалда Жапонияға есе жіберді.
Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай төрттігі 1/7 айналымда Филиппиннен басым түссе (45:37), артынша Өзбекстан спортшыларын ұтты (45:40). Ал жартылай финалда құрылықтағы көшбасшының бірі Оңтүстік Кореяны жеңді (42:36).
Айта кетейік, аталмыш додада Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтинг ұпайлары үшін 20 елдің 400-ге тарта спортшысы өзара сынға түсіп жатыр.