Шорт-тректен Қазақстан құрамасы 4 медаль ұтып алды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы «Азия балалары» ойындарында қоржынынға 2 күміс, 2 қола медаль әкелді.

Малика Жолтабар 1500 метрге жарыста қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ ұлдар арасында осы қашықтықта Мейіржан Төлеген күміс жүлде ұтып алды.

Бүгін шорт-тректен ұлдар құрамасы 3 мың метр эстафетада күміс жүлде, ал қыздар құрамасы қола жүлдесін жеңіп алды.