Михаил Шайдоров – қысқы Олимпиада чемпионы
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров 291.58 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды. 2-орын – Юма Кагияма (Жапония) – 280.06 ұпай, 3-орын – Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай.
Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.

