Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы Әлем Кубогы кезеңінде алтын алды

Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы Әлем Кубогы кезеңінде алтын алды

 

Мажарстанның Сегед қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден биылғы Әлем Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Шешуші жарыс күні Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (C2 mix) 500 метрге жарыста жеңіске жетті. Отандық жұп каноэде бұл қашықтықты 1:51.97 секундта жүзіп өтті. Одан кейін мәреге Польша мен Мажарстан құрамасының дуэті жетті. Осы финалда тағы бір қазақстандық жұп ағайынды Емельяновтардың сыңары Тимофей мен Маргарита Торлопова (1:53.62 секунд) жүлдеге сынық сүйем жетпей, 4-сатыда қалды.

 

Айта кетейік, кеше отанасымыз Мария Бровкова 1000 метрге жарыста алдына жан салмаған.

 

Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 8-орын алды. Көш басында тұрған Мажарстанға Испания мен Румыния (3 алтыннан) жете алмай, үздік үштікті түйіндеді.

title