ТАЕКВОНДОШЫ БАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық турнирінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырдан жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл -Мабрукты жеңді.

Батырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.