Астанада «Parimatch Eurasia Jastar Cup» турнирі өз мәресіне жетті

Біріншілікте 16 жасқа дейінгі Ресей құрамасы топ жарса, Беларусь U-18 командасы екінші орынға ие болып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Турнир қорытындысы бойынша Петр Андриянов (Ресей U-16) үздік қақпашы атанса, Роман Большедворский (Қазақстан U-18) үздік қорғаушы және Роман Кузнецов (Беларусь U-18) үздік шабуылшы номинациясын иеленді.

Айта кетейік, Қазақстанның 20 жасқа дейінгі құрамасы 9-11 ақпан аралығында өтетін Беларусьтің Минск қаласында «Болашақ Кубогы» халықаралық турниріне өз бақтарын сынайтын болады.

title