Қазақстан спортшысы ауыр атлетикадан Әлем Чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
5-17 желтоқсан аралығында Боготада ауыр атлетикадан Әлем Чемпионаты өтіп жатыр. Елімізді бірінші болып 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей таныстырды. Спортшы жұлқи көтеруде 118 келіні бағындырып, күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал серпе көтеруде 141 келі еңсеріп, алтыншы болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 259 келі көрсеткішімен спортшы төртінші орынға ие болды.