Ерасыл Саулебеков Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Саулебеков Албанияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, алтын медаль иеленді.

Ол жұлқа көтеруде 137 келіні бағындырса, серпе көтеруде 168 келіні еңсеріп, барлық қарсыласын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша отандасымыз 305 келіні бағындырып, алтыннан алқа тақты.