Жеңіл атлетика: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 4-ші орын иеленді

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 39 елдің спортшылары 27-31 мамыр аралығында 45 медаль жиынтығы үшін күресіп, өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасы сапында 32 спортшы жүлдеге таласты. Отандық спортшылар сапынан Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында және 5000 метрге жүгіруде алтыннан алқа тағып, 2 дүркін Азия чемпионы атанса, Дейзи Джепкемей 10 000 метр қашықтықта 30:48.44 нәтижесімен тұғырдың ең биік сатысынан көріндіБиіктікке секіру сайысында Елизавета Матвеева 1.86 метр нәтижесімен, Азия чемпионатының күмісін иеленді. 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді. Сондай-ақ, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Дейзи Джепкемей (9:12.46)  қолаға қол жеткізді.

Осылайша, отандық спортшылар 3 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте 4-ші орынға ие болды.

title