Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын жүлдегер атанды
Семсерлесуден Кувейтте өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын жүлдегер атанды.
Шпагадан командалық сында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов алтын медальдар иеленді. Финалда біздің спортшылар қазіргі Олимпиада чемпиондары Жапония құрамасын 40:34 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, командалық есепте Қазақстан ерлер құрамасында Артем Саркисан, Назарбаев Саттархан, Жанат Нәбиев және Бақдәулет Құралбекұлы саблямен семсерлесуде қола жүлдені жеңіп алды. Спортшылар Өзбекстан құрамасын минималды – 45/44 есебімен жеңді.
Ал семсерлесуші Ерлік Сертай шпападан жекелей біріншілікте қола жүлдегер атанды.