«Номад» Қазақстан чемпионы атанды!

Кеше Ташкентте хоккейден Қазақстан ашық чемпионатының финалдық кездесуі өтті. «Барыс» хоккей клубының фарм командасы Өзбекстан командасы «Хумо»-мен кездесіп, матч иелерін 3:0 есебімен ұтып алды. Серияны 4 жеңіс және 1 жеңіліспен аяқтаған «көшпенділер» алтын медальдар мен жарыстың бас жүлдесі – Pro Hokey Ligasy кубогын жеңіп алды.

Еске салайық, бұл команда тарихындағы Pro Hokey Ligasy турниріндегі екінші жеңісі. Бұған дейін «Номад» 2016-2017 жылғы маусымда чемпион атағын иеленген болатын.