IV Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы байрақты бәсекені 41 медальмен аяқтады: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. Қазақстан атынан Қытайға 131 спортшы аттанып, олар спорттың 14 түрінен бақ сынады. Жарыста отандық спортшылар 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын орнатты.

title