Руслан Құрбанов Әлем чемпионатында тарихи жүлдені жеңіп алды!

22-30 шілде күндері Италияның Милан қаласында семсерлесуден әлем чемпионаты өтуде.

Жарыста ел намысын қорғаған Руслан Құрбанов тарихи нәтижеге қол жеткізіп, әлемдік біріншілік медальін жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Құрбанов ¼ финалда итальяндық Валерио Куомоны (15:12) жеңіп, Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды. 1/2 финалға шығу оған қола жүлдеге кепілдік берді.

Финалға шығу үшін шайқаста ол Венгр Тамаш Кохтан 11:15 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша ол турнирді "қоламен" аяқтап, тарихи нәтиже тіркеді.