Спорт саласының мамандары 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылады
Астана қаласында 2024 жылы Францияның Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарына спорт түрлерінен Ұлттық құрама спортшыларының сапалы дайындығы мен нәтижелі өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрі Дәурен Әскербекұлының басшылығымен кеңейтілген отырыс өтіп, оған SportQory Бас директоры Асхат Сейсембек те қатысты.
Отырыста спортшылардың ірі халықаралық жарыстарда көрсеткен аралық нәтижелері, оларды даярлау жүйесіндегі өзгерістер, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету және допингке қарсы бағдарламалар, сондай-ақ өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерінің жай-күйі мен дамуына қатысты мәселелер қаралды. Айта кетейік, Спортты қолдау қоры соңғы жылдары олимпиадалық, паралимпиадалық, балалар мен жасөспірімдер спортына баса назар аударып, қаржылық-демеушілік қолдау көрсетіп келеді.