Cтенд атудан әлем кубогының кезеңі: Әсем Орынбай алтын жүлде иегері

Алматыда стенд атудан Әлем Кубогының кезеңі жалғасуда. Қазақстан құрамасы сапында Әсем Орынбай алтын жүлдені жеңіп алды. Ол «скитте» бірінші орынға табан тіреді.

Күміс медальді Ганемат Сехон (Үндістан) иеленсе, үздік үштікті Даршна Ратхор (Үндістан) түйіндеді.

Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Қазақстаннан 20 спортшы өнер көрсетуде. Турнирде 42 елдің өкілдері өз бақтарын сынауда.