Қытайда Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында еліміздің туын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

Айта кетейік, қазан айының 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады.