Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы елордада Азия Кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Виталий Стребков баптайтын арулар тура бір аптадан кейін жаттығуды аяқтап, Таиланд астанасы Бангкокқа аттанады. Б дивизионында Қазақстан құрамасы бір топта Шри-Ланка (13 тамыз), Таиланд (14 тамыз) және Иорданиямен 15 тамызда бақ сынайды. Ал А тобында Индонезия, Иран, Малайзия мен Моңғолия бар.