Ұлттық Лига клубтары ел чемпионатының негізгі додасын қорытындылады

Атырауда ерлер арасындағы Ұлттық лига клубтары төртінші турдың ойындарын аяқтап, 2022/23 жылдар маусымындағы ел чемпионатының негізгі додасын қорытындылады. Нақтырақ айтқанда, «Ұшқын» мен «Алтай» арасындағы өткен бірінші матчтың нәтижесі барлық жұпты құрап берді.

Сонымен, ел чемпионатының негізгі додасындағы, жоспарланған 112 ойынның бәрі өтті. Әр команда регламентпен бекітілген, төрт тур бағдарламасы бойынша, 28 матчтан өткізді. Алда плей-офф додалары, онда әрбір команда ең азы төрт, ал ең көбі алты матчтан өткізетін болады. Содан соң 2022/23 маусымдағы чемпионаттың қорытындысы түзіліп, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталатын болады.

Тур соңында, Ұйымдастыру комитеті әр команда сапындағы үздік ойыншыларды жариялады: Олар – Роман Хандролин (№2, «Атырау» ВК), Нұрдос Алдаш (№22, «Буревестник»), Илья Морозов (№27, «Павлодар»), Александр Фоменко (№23, «Тараз» ВК), Нұрислам Медетбек Уулу (№6, «Ұшқын»), Роман Фартов (№1, «Есіл СК»), Евгений Мальцев (№3, «Алтай») және Виталий Мироненко (№11, «Жайық»).