Елордада спорт саласындағы мәселелер бойынша кеңейтілген алқалы отырыс өтті
Елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және ел спортшыларының Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиадаға дайындығы мен қатысуы бойынша кеңейтілген алқалы отырыс өтті.
Басқосуға өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, Ұлттық Олимпиада комитетінің, республикалық федерация өкілдері, ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушылары және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Жиын барысында қатысушылар күн тәртібінде тұрған бес мәселені талқылады.
Олар:
1. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда спортшыларының лицензиялық жарыстарға және 2024 жылы Парижде өтетін 33 жазғы Олимпиадаға дайындық барысы
2. Қазақстанда спорттық медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін
3. Спорттағы допингке қарсы бағдарламасы
4. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесі
5. Саланы дамытудың негізгі міндеттерін айқындау