ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН Х АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Астанада Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия Чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні 12 финалдық жарыс өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Үш күнге созылған тартысты додада Қазақстан ұлттық құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Жапония құрамасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен 1 орын, Катар құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен 3 орынға жайғасты.
Чемпионаттың ресми жабылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті генерал Дахлан әл-Хамад, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және ҚР жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов спортшылар мен ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар, отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады.
Айта кетейік, спорттық додаға Азияның 30 елінен 500 ге жуық спортшы қатысты. Олар өзара 26 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жарысты QazSport телеарнасы және QazAthletics ютуб арнасы тікелей эфирде көрсетті.