АСТАНАДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ӘМИН ТҰЯҚОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
17 желтоқсанда Астанадағы "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика кешені аренасында Әмин Тұяқовтың жүлдесіне жеңіл атлетикадан I Халықаралық турнир өтті және 2022/2023 қысқы жарыс маусымын ашты. Ашылу салтанатына аты аңызға айналған қазақстандық спортшы Әмин Елемесұлы Тұяқов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбасарұлы Бекмұрзаев және ҚР Жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы Асхат Рашидұлы Сейсембек қатысты.
Спортшылар 15 және пәндер бойынша бақ сынасты, сонымен қатар ардагерлер арасында 800 метрге жүгіруде masters санатындағы спортшылар жарысы, 60 метр қашықтықтағы балалар арасындағы жарыс және Mix 4X 200 метр эстафетасы енгізілді.
Айта кетейік, бұл Астанада өткен алғашқы халықаралық турнир. Үздіктер тартысында Гонконг, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина елдерінің спортшыларымен қатар, отандық атлеттер бақ сынады.