Бибісара Асаубаева Үндістанда өткен әйелдер арасындағы Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Күні кеше Үндістанда өткен әйелдер арасындағы Гран-при сериясының кезеңі аяқталды. Бибісара Асаубаева турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Бибісара мен тағы екі шахматшы бірдей ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандық спортшы екінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында ел ордамыз Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтетін болады. Чемпион атағы үшін кездесуде 2022 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен сол жарыстың күміс жүлдегері Дин Лижэнь кездеседі.