Астанада бокстан «ELORDA CUP» халықаралық турнирі жалғасуда
Астанада бокстан «ELORDA CUP» халықаралық турнирі жалғасуда
Бокстан Астана қаласында дәстүрге айналған «Elorda Cup» халықаралық турнирі кезекті мәрте жалауын желбіретті.
Байрақты бокс бәсекесі «Beeline Arena» спорт кешенінде 13-18 мамыр күндері аралығында өтеді. Ел астанасында өтіп жатқан жарысқа Әлем чемпиондары және Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев қатысуымен жалпы саны 177 боксшы (110 ер, 67 әйел) жүлдеге таласады.
Айтулы жарысқа Қазақстаннан бөлек, Жапония, Үндістан, Иран, Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері де қатысып жатыр.
Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) және әйелдер 11 салмақ (48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 82 келі) бойынша және әйелдер 12 салмақта жеңімпаздарды анықтайды.
Барлық жекпе-жектерді QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.