«Барыс» ХК БЖСМ тәрбиеленушілері балалар мен жасөспірімдер командалары арасында ҚР Чемпионатының көшбасшылары атанды
Хоккей клубының тарихында алғаш рет ҚР чемпионатына қатысқан «Барыс» ХК БЖСМ барлық жас командалары» (2005, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011 ж.т.) бірінші орынға ие болды.
Бүгінгі таңда БЖСМ-де 13 жас тобы бар, ал тәрбиеленушілер саны 700-ден асады.
2007 жылы туған жасөспірімдерден құралған команда турнир кестесінде 54 ұпай жинады. Осылайша, Даниил Лысый және Георгий Верещагиннің шәкірттері өздерінің жас тобында үздік атанды.
2008 жылы туған жасөспірімдерден құралған команда мен олардың жаттықтырушысы Рамазан Қайдаров бірде-бір кездесуде қарсыластарына есе жібермей, тұғырдың бірінші сатысынан көрінді.
2009 жылы туған жасөспірімдерден құралған команда жаттықтырушылар Владимир Хамракулов пен Болеслав Демидовичтің жетекшілігімен чемпионаттың 32 кездесуінің 28-де жеңіске жетті.
Владимир Логвин мен Никита Медведевтің жетекшілігімен 2010 жылы туған жасөспірімдерден құралған команда жеті матчта 54:10 есебімен жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты.
Павел Филиппенко бастаған 2011 жылғы жасөспірімдерден құралған команда чемпионаттың барлық матчтарында жеңіске жетті.
Сонымен қатар, «Барыс» жастар командасы төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды! Ал 2014 жылы туған команда жаттықтырушылар Евгений Ляпунов пен Юрий Степановтың жетекшілігімен А тобындағы балалар командалары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнирге қатысты. Елордалық «Барыс» барлық жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті.