Құсбегіліктен «Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі өтті

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Қатысушылар жыртқыш құстың үш түрін салып, өзара мықтыларды анықтады. Үш күнге созылған турнирде 100-ден астам спортшы өз бақтарын сынады.

Шығыс жерінде, Алтай тауының бөктерінде, «Бүркіт төбе» жотасындағы жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

 

Бүркіт құсы бойынша:

1-орын – Сейітжан Алмас, Алматы облысы;

2-орын – Жалғасұлы Серікболсын, Жамбыл облысы;

3-орын – Болат Нұрдос, Жамбыл облысы;

4-орын – Жұмағұл Ерсұлтан, ШҚО;

5-орын – Көдеков Мұрат, Алматы облысы.

 

Қаршыға құсы бойынша:

1-орын – Ғалым Самғат, ШҚО;

2-орын – Байетбай Ермұхан, ШҚО;

3-орын – Сейітжан Аян, Алматы облысы.

 

Ителгі құсы бойынша:

1-орын – Сандыбай Ерлан, Түркістан облысы;

2-орын – Төлегенұлы Темірәлі, Қарағанды облысы;

3-орын – Күнтуған Серікбек, Астана қаласы.

title