Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында биатлоннан Әлем чемпионаты аяқталды

4-12 наурызда Щучинск қаласында өткен жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында биатлоннан Әлем чемпионаты аяқталды.

Әлемнің 39 елінен 600-ге жуық жас биатлоншылар бес түрлі дисциплина бойынша 18 жарыстың жүлдесі үшін таласты.
Қазақстан атынан 20 спортшы қатысып, үздік нәтижені Данил Червенко көрсетті. Ол жасөспірімдер арасындағы жекелей жарыста 11-ші орынға ие болды. Әйелдер арасында Қазақстан құрамасының үздігі атанған Милана Генева із қуу жарысында мәреге 15-ші болып жетті.

Шараның құрметті қонақтары – шаңғы спортының аңызы Владимир Смирнов, биатлоннан Олимпиада жүлдегері Елена Хрусталева, Sport Qory спорт директоры Даниль Саитов, сондай-ақ IBU президенті Олле Даллин және IBU Бас хатшысы Макс Кобб қатысты.

Аталмыш іс-шара Sport Qory қолдауымен өтті.

title