Қазақстан хоккей федерациясының «Jas Nomad» бағдарламасының тұсаукесері
18 қазанда Jas Nomad республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасының таныстырылымы болып өтті. Бағдарлама Қазақстанның хоккей федерациясының мамандары тарапынан Екатеринбург қ. Урал мемлекеттік дене шынықтыру университімен және Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығымен бірлесіп, Sport Qory қолдауымен әзірленді.
Jas Nomad – ұйымдастырушылық, жаттығу, бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарын қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы.
«Қызықты бағдарлама, біз сапалы өнім жасап шығуға тырыстық, бұл бағдарлама барлығына қолжетімді болады. Жыл сайын Қазақстанның барлық хоккей мектептерінен кері байланыс алып отыруды жоспарлап отырмыз. Бапкерлердің пікірлеріне құлақ асып, түзетулер енгізіп отырамыз. Бұл бағдарлама конькилі спорт түрінің басқа да федерациялары үшін пайдалы болады, себебі алғашқы бірнеше блок психологияға, физиологияға және жас спортшы дамуының басқа да маңызды аспектілеріне арналатын болады», - деп сөзін түйіндеді ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары, қазір бапкерлікпен айналысып жүрген Талғат Жайлауов пен Константин Пушкаревтің қатысуымен 6-7 жастағы хоккейшілерге арналған шеберлік сыныбы өтті.