Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты аяқталды

Sport Qory қолдауымен Астанада пара хоккейден (B Pool) әлем чемпионаты өтті. 6-11 қыркүйек аралығында алты команда жүлделі орындарға таласты. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Италия құрамасы иеленсе, күміс жүлдені Жапония командасы, ал қоланы Швеция құрамасы жеңіп алды. Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтаса, Финляндия бесінші, ал Франция алтыншы орынды қанағат тұтты.

title