Алдағы айда өтетін спорттық іс-шаралар
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі
2025 жылдың 1-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласы, «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел чемпионатына еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларынан жиналған 1000-ға жуық балуандар өз өнерлерін паш етпек.
Ұлттық садақ ату
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 1-5 желтоқсан аралығында Ұлттық садақ атудан Ересектер және (U29) арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді. Чемпионатта еліміздің ең мықты мергендері бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды.
Брейкинг
Астана қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде 5-6 желтоқсан күндері брейкингтен Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді. Турнирде еліміздің ең үздік бишілері, әрі жас қатысушылармен қатар тәжірибелі спортшылар да өз бақтарын сынайтын болады.
«Қайрат» АФК
Алматылық «Қайрат» футзал клубы 5 желтоқсан күні Балуан Шолақ аренасында UEFA Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында «Андерлехт» (Белгия) командасына қарсы жауапты кездесу өткізеді. Айта кетейік, алғашқы кездесу 3:7 есебімен алматылық ұжымның пайдасына аяқталған болатын.
«Барыс» ХК
«Барыс» хоккей клубы желтоқсан айында Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз алаңында 5 кездесу өткізеді:
«Барыс» - «Спартак» (05.12.2025)
«Барыс» - «Сибирь» (07.12.2025)
«Барыс» - «Сочи» (21.12.2025)
«Барыс» - «Трактор» (23.12.2025)
«Барыс» - «Автомобилист» (25.12.2025)
«Барыс» - «Амур» (27.12.2025)
Барлық ойындар «Барыс арена» мұз сарайында өтеді.

