Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Хоккейден Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамы Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өтетін 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Максим Павленко.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамерлан Гайтамиров, Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Артем Королев, Кирилл Полохов, Валерий Орехов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Абай Маңғысбаев, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Дмитрий Гренц, Максим Мусоров, Роман Старченко, Евгений Рымарев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 13 мамырда Норвегия командасына қарсы өткізеді.