Астанада қазақ күресінен Әлем чемпионаты басталды

12 желтоқсан күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Әлем чемпионаты жалауын көтерді.

Үш жас тобын (ересектер, жастар және жасөспірімдер) қамтыған тұңғыш Әлем чемпионатына 40-қа жуық мемлекеттің 350 балуаны қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылу салтанатында Біріккен күрес әлемі (UWW) Бюросының мүшесі және дәстүрлі күрес стильдері комитетінің президенті Мария Якши Родика мен Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Ербол Мырзабосынов спортшыларды құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік іледі.

Чемпионаттың бірінші күні ересек спортшылар жарыс жолына шықты. Атап айтқанда, ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта өзара мықтыны анықтады.

 

Алғашқы жарыс күніндегі спортшылардың нәтижелері төмендегідей:

82 кг.
І орын – Aidyn DARTAYEV (KAZ)
ІІ орын – Umid ESANOV (UZB)
ІІІ орын – Amir SHEIKH HOSSEINI (NED)
ІІІ орын – Khamroz RAJABOV (TJK)

90 кг.
І орын – Tomasz SZCZEPANIAK (POL)
ІІ орын – Zhamalbek ASYLBEKUULU (KGZ)
ІІІ орын – Toktarbek AIDARBEK (KAZ)
ІІІ орын – Ivan KOZOV (MDA)

100 кг.
І орын – Marat BAIKAMUROV (KAZ)
ІІ орын – Bakhriddin ABDURAYIMOV (UZB)
ІІІ орын – Alekseii LYSENKO (POL)
ІІІ орын – Davaabat 
TSOGTBAATAR (MGL)


+100 кг.
І орын – Nurdaulet ZHARYLKAPOV (KAZ)
ІІ орын – BeKbolat TOKTOGONOV (KGZ)
ІІІ орын – Giorgi CHAGELISHVILI (GEO)
ІІІ орын – Mukhsin KHISOMIDDINOV (UZB)

Бұл күнгі нәзік жандардың нәтижесі төмендегідей:
75 кг.
І орын – Battsetseg TSOG-OCHIR (MGL)
ІІ орын – Deborah Vos KAYLEE (NED)
ІІІ орын – Filura ERGASHOVA (UZB)
ІІІ орын – Sahbaz SENANUR (TUR)

+75 кг.
І орын – Nagira SARBASHOVA (KGZ)
ІІ орын – Kebadze ELENE (GEO)
ІІІ орын – Rakhima YULDOSHOVA (UZB)

ІІІ орын – Moldir AZAMAT (KAZ) 

title