Канвон-2024: Отандық жасөспірімдер Олимпиада қалашығына орналасты
Қазақстандық жасөспірімдер Олимпиада өтетін Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясындағы Каннын қаласына жетті. Төрт жылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.
Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанады. Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттың 5 түрінен бақ сынап, 55 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қысқы Ойындарда ел намысын 42 спортшы биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, фристайл могул және шайбалы хоккей спорт түрлерінен қорғайды.
Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен 1 800 спортшы қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, жалпы додада 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.
Отандық спортшыларға сәттілік тілейміз!